Астанада 110-нан аса жоба мақұлданды

389

Қазіргі уақытта елордада жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 226 379 бірлікті құрайды. 

 Астанада 110-нан аса жоба мақұлданды

Онда 499 445 адам жұмыс істейді, бұл белсенді халықтың 72.8%-ын құрайды. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының (21,6%), сондай-ақ ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар санының (13.2%) өсуінің оң серпінін атап өткен жөн. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

​ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әкімдік кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар жүргізуде, оның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беруді жеке кәсіпкерлерге, субъектілерге ұсынады.

"​Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіретін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушылар және экономика басым секторлар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын басқа да дара кәсіпкерлер болуы мүмкін", - дейді спикер.

​Конкурс жыл сайынғы негізде өткізіледі, 2023 жылы өтінімдерді қабылдау 7-16 тамыз күндері kezekte.kz ақпараттық платформа арқылы өтті. ​Барлығы 1971 өтінім келіп түсті, бұл ретте конкурстық комиссия алдында қорғауға 1118 өтінім жіберілді.

Конкурстық комиссияның шешімімен 545 млн теңгеге 113 жоба мақұлданды.

​Салалар бөлінісінде:

  • ​Жобалардың 49,57% (56 жоба) өңдеу өнеркәсібіне келді. Мысалы: "Қуат" ЖК өзі электр арбаларының қымбаттығы проблемасына тап болып, мүгедектер арбасына арналған электр приставкаларын немесе Төлегенұлы ЖК лазерлік ЧПУ станогын өндіру туралы шешім қабылдады.
  • ​Білім беру саласында - 19 жоба. Мысалы: Arystan ЖК виртуалды бағдарламаларды оқыту мектебін ашуға бағытталған инновациялық жобасы.
  • ​Денсаулық сақтау саласында - 12 жоба. Конкурстық комиссия мақұлдаған ЖК Жарылқасымов нақты өмірде дәлірек нәтиже алу үшін 3D-модельдердегі операцияларды модельдей алады.
  • ​Ақпарат және байланыс саласында - 9 жоба. ЖК Абильдин Ш-микро, шағын және орта кәсіпорындар үшін цифрлық трансформацияға, деректерді беруді автоматтандыруға және талдауға бағдарланған SMART Data Solutionsit-платформасын құру).
  • ​Өнер, ойын-сауық және демалыс бағытында - 4 жоба. ЖК Мұхаметжанов балалардың дағдыларына, мүмкіндіктері мен тілектеріне, ата-аналардың сұрауына бейімделген даму ерекшеліктері бар балаларға арналған мерекелерді ұйымдастыру.
  • ​Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет бағытында 6 жоба. Мысалы, ЖК ЛЯШЕВИЧ ДМИТРИЙ "Тунгус" ұнтақты өрт сөндіру модульдерін қайта жарақтандыру қызметі.
  • ​Көлік және қоймалау және т.б. бағытында - 4 жоба. Махабат ЖК - жүктерді көліктік өңдеу.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу