Мұндай заңсыздықтарды Нұра аудандық прокуратурасы анықтады.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы қадағалау барысында денсаулық сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтар анықтады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 5-бабының 3) және 4) тармақтарына сәйкес, ана мен баланы қорғау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
Перзентханадан шығатын кезде 1150 ана мен нәрестеге арналған "Дәрі-дәрмек қобдишасы" тегін жиынтығы берілмегені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, дәрі-дәрмек қобдишаларымен барлығы қамтылды.