Астанада 12-қабаттан құлап кеткен жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады

1009

Олар желіде жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Астанада 12-қабаттан құлап кеткен жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады Фото: booking.com

Елордада көпқабатты тұрғын үйден құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталған мәлімдемені "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.

"Мен, 12-қабаттан құлап кеткен баланың әпкесі Омарбекова А.Н. Аталған қайғылы жағдайдың буллинг салдарынан өзіне қол жұмсамағанын, жазатайым оқиға болғанын мәлімдеймін. Егер баланың отбасынан, достарынан және сыныптастарынан сұрасаңыз, бәрі оны жақсы көргенін білуге болады, ол өте көпшіл бала еді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болды. Модельдікпен айналысып, жарнама роликтеріне түскен. Оның өлімі №17 мектептегі буллингтен болған деген ақпараттар жақындарына ауыр тиіп отыр", делінген мәлімдемеде.

Қор өкілдері мен марқұм жасөспірімнің туыстары желіде жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірімнің құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу