Астанада 12-ші ДСҰ министрлерінің конференциясы өтеді

684

Министрлер конференциясы ДСҰ-ның жоғары басқарушы органы, ол екі жылда бір рет кездеседі. 

 Астанада 12-ші ДСҰ министрлерінің конференциясы өтеді

Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысында ұйымға мүше елдер бірауыздан 2020 жылдың жазында Астанада 12-ші ДСҰ министрлерінің конференциясын өткізу туралы шешімге дауыс берді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанова Қазақстан министрлер конференциясының маңызды нәтижелерін қамтамасыз ету мақсатында ДСҰ күн тәртібіндегі барлық шешілмеген мәселелер бойынша пікірталасқа сындарлы түрде үлес қосуға дайын екенін атады.

ДСҰ Бас директоры Роберту Азеведу Қазақстан президентіне және үкіметіне министрлер конференциясын өткізуге дайын екендігіне ризашылығын білдіріп, бұл қадам елдің көпжақты сауда жүйесінің құндылықтары мен қағидаттарын ұстанатындығына растау болып табылатынын атап өтті.

Министрлер конференциясы ДСҰ-ның жоғары басқарушы органы, ол екі жылда бір рет кездеседі. Уәкілетті органның өкілеттіктері көпжақты сауда келісімдері шеңберінде барлық мәселелер бойынша, соның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа пәндерді бекіту туралы шешім қабылдау құқығына ие.

ДСҰ министрлік конференциясының ең маңызды нәтижесі - саудаға жәрдемдесу туралы келісім және ауыл шаруашылығы өнімдеріне экспорттық субсидияларды беруге тыйым салу.

ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясы жұмысына 164 мүше-елдердің сауда министрлері мен 20 ДСҰ бақылаушылары қатысады деп күтілуде, ал іс-шараға қатысушылардың жалпы саны төрт мыңнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу