Астанада 1200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі баланың қатысуымен гала-концерт өтеді

Алматыда 5 мың бала мен олардың ата-аналарына арналған фестиваль ұйымдастырылды. 

Астанада 1200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі баланың қатысуымен гала-концерт өтеді Фото: Tengrinews

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова айтты.

"Бүгінде 3 мыңға жуық түрлі өңірлік, республикалық және 30 мыңнан астам мектеп іс-шарасы ұйымдастырылды: спорттық-сауықтыру, ойын-сауық, экологиялық, шығармашылық, туристік-өлкетану. 3 млн-нан астам бала мен олардың ата-аналары қамтылады", - деді спикер.

Астанада 1200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі баланың қатысуымен гала-концерт, 5 мың бала мен олардың ата-аналарына арналған Almaty fest қалалық фестивалі және т.б. ауқымды шаралар өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу