Бір аптаның ішінде "Астана ЛРТ" ЖШС мектеп оқушыларына 3000 көлік картасын дайындады. Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева айтты, деп хабарлайлы Елорда Инфо.
"Бір аптада бізге мектеп оқушыларына бастапқы көлік картасын шығаруға 4000 мың өтінім түсті. Оның 1500-ы онлайн, ал қалған 2500 мыңын ата-аналары орталық кассаға әкеліп берді. Қазір одан да көп өтінім түседі деп күтудеміз, себебі мектептердегі әлеуметтік педагогтар қосылды. Олар сыныптарда анкеталарды таратып бастады, толтырылған соң бізге береді. Балаларына көлік картасын рәсімдемеген ата-аналар бар, себебі олар қоғамдық көлік қызметін пайдаланбайды", - деді Науат Азанбаева.
Оның айтуынша, екі жылда 125 мың елордалық оқушы атаулы көлік картасына ие болды. Картаны дайындау процессіне 10-15 минут кетеді, күн сайын шамамен 500 карта беріледі.
Айта кетейік, әкімдік мектеп оқушыларына көлік картасын алу уақытын 15 қыркүйекке дейін ұзартты. 15 қыркүйектен бастап 7 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылар үшін қолма-қол есеппен жол ақысы 90 теңге болады.
Еске сала кетейік, ата-аналар мектеп оқушыларының картасына тапсырысты transcard.kzсайтында онлайн бере алады.