Астанада 14 мыңнан астам оқушыға 41 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі

551

1 тамыздан бастап қаламызда жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы бойынша "Мектепке жол" акциясы басталды. 

Астанада 14 мыңнан астам оқушыға 41 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі Фото: NUR.KZ

Биыл қала бойынша 22700 балаға көмек көрсету жоспарланып отыр, жұмыс екі бағытта жүргізілетін болады, деп жазады Inbusiness.kz.

1 тамыздан бастап қаламызда жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы бойынша "Мектепке жол" акциясы басталды. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасын табады.

"Биылғы науқан "Жақсылық жаса" ұранымен басталды. Астана әкімдігімен осы акция аясында бірнеше шаралар қолға алынды, мысалы, әлеуметтік көмекке құқылы, ондай көмек түрін алмайтын, жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, төтенше жағдай салдарынан жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан  балалар және ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетім балаларға және басқа да қиын жаздайғы тап болған оқушылар жанұяларына ақшалай көмек көрсетілетін болады", — деді Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Сенғазыев Қасымхан.

Биыл қала бойынша 22700 балаға көмек көрсету жоспарланып отыр, жұмыс екі бағытта жүргізілетін болады. Оның бірінші бағыты - бюджет қаражаты есебінен 14200 балаға көмек көрсетіледі.

"Оны алу үшін ата-аналар мектепке барып өтініш жазып, банкте арнайы шот ашуы қажет, сосын 20 таңбалы нөмірді ұсынады. Жоғарыда айтылған санатқа кіретін отбасыларға берілетін көмектің құны 41 мың теңгені құрайды.

Қаражат мектеп құралдарын алуға беріледі, сондықтан оны тиісті дүниеге жұмсауды сұраймыз. Білім басқармасы осы бойынша білім ордаларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазір мектептер тізім жасап, ата-аналарға қаражаттар аударыла бастады", - деп түсіндірді спикер.

Ал бағдарламаның екінші бағыты - аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілік қаражат есебінен әлеуметтік осал топтардан шыққан 8500-ден астам баланы қамтамасыз ету. Азаматтардың өтініштерін жылдам қарастыру үшін білім беру мекемелерінде жедел желі мен сенім телефондары: 55-69-60, 55-68-51 іске қосылған.

Сонымен қатар, дәл осы себептермен мектептен қалыс қалған балаларды анықтау мақсатында учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрғын үйлерге рейд жүргізілетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу