Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін болады

91

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. 

Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін болады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.

Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу