Астанада Сирия жөнінде келіссөздің келесі кезеңі 15 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-де басталады, деп хабарлады еліміздің СІМ баспасөз қызметі.
"2017 жылды 15 ақпанында Астана уақытымен 13:00-де Rixos President Astana қонақ үйінде Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі шеңберінде жоғары деңгейдегі кезекті отырыс басталады", – делінген сайтта жариялаған СІМ хабарламасында.
Кездесу жабық режімде өтеді, деп атап көрсетті СІМ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу