Қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында Астанада №15 және 15А маршруттарында автобустар саны артады, деп жазады inbusuness.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
№15, 15А маршруттарда автобустар саны 2 бірлікке (19-дан 21-ге дейін) ұлғайтылады.
Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап №15а маршрутының қозғалыс сызбасы "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" және "Қалалық инфекциялық орталық" аялдамаларына дейін ұзартылады.
Елорданың қоғамдық көлігіне қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу