Астанада 150 көппәтерлі үй бұзылады

724

Астанада 150 көппәтерлі үй бұзылады

Астанада 2018 жылы қаңтарда ескі және апатты үйлерді бұзу туралы ТМД көлеміндегі екінші пилоттық жобаны іске асыру басталады, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

Бұл шараның аясында 150 көппәтерлі үйлер бұзылып, оның орнына жалпы көлемі 600 мың шаршыны құрайтын сегіз мыңнан астам пәтер қолдауға беріледі. 
Астана әкімі Әсет Исешекев алтыншы шақырылымның мәслихат сессиясында, бірінші кезең бойынша 228 ескі үйлер бұзылып, орнына 7,5 мың пәтер салынатынын атап өтті. 
"Алдағы үш жыл ішінде екі миллион шаршы метрге жуық тұрғын үйді қолдануға бері жоспарланып отыр. "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында үй құрылысы комбинаты өз жұмысына кірісті. Ол бойынша жалпы көлемі 170 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің құрылысы басталды", — деді Әсет Исекешев. 
Астанада сегіз айдың қорытындысы бойынша 18 мыңға жуық пәтер қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 25% артық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу