Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Астанада апатты үйлерді бұзу жобасы қолға алынды. Жоба шарттарына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйдің тұрғындарын өз ауданында жаңа пәтерге көшіріп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Елордалық тұрғын үй басқармасының мәліметіне сүйенсек, құрылыс мен инженерлік жүйесі тозған, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер бұзылып жатыр.
2017 жылдың соңына дейін 228 апатты құрылысты бұзу жоспарланған, соның ішінде "Сарыарқа" ауданында – 129 үй, "Алматы" ауданында – 78, "Есіл" ауданында – 21 үй. Көшірілетін отбасылардың жалпы саны 3500-ден асады.
Бүгінгі күні Астанада 1500 отбасы 117 апатты үйден жаңа пәтерге көшірілді. Қалған 11 апатты үйдің тұрғындары 2017 жылдың соңына дейін көшірілмек.