Астанада 154 көпқабатты тұрғын үй өрт қауіпсіздігіне сай келмейді

1921

Бұл елорданың жоғары қабатты тұрғын үйлерінің тең жартысы деуге болады. 

Астанада 154 көпқабатты тұрғын үй өрт қауіпсіздігіне сай келмейді

Астанада 9 қабаттан жоғары 491 үй бар. Тұрғын үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы Астананың төтенше жағдайлар департаменті 346 өрт-техникалық тексеруін өткізді. 145 нысан қызмет көрсету ұйымының ауысуына және таратылуына байланысты тексеруден өткен жоқ, деп хабарлайды elorda.info.

Астана қаласының ТЖД ақпаратына сәйкес, техникалық тексеру қаладағы 154 көпқабатты үйдің өртке қарсы жүйесі талапқа сай болмай шықты.

"Бұл елорданың жоғары қабатты тұрғын үйлерінің тең жартысы деуге болады. Өрт автоматика құралдары жұмыс істемейді, ішкі өрт крандары жабдықталмаған, осы жүйеге қызмет көрсететін ұйым жоқ. Сондай-ақ электр желілерін монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарының бұзылуына жол берілген", - деді Астана қаласының ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу басқармасының аға инженері Дидар Өміржан.

Оның айтуынша, ПИК-тер мен қызмет көрсетуші ұйымдарға заң бойынша анықталған олқылықты жоюға уақыт беріледі.

"Заңға сәйкес, олар ескертуді жою үшін өз жоспарларын ұсынады. Кейде қызмет көрсету ұйымдарының мемлекеттік өрт бақылаушыларына кедергі келтіретін кездері болады. Өрт қауіпсіздігі жүйесінің талапқа сай болмағаны үшін тексеруден қашады", - деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылы Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлерде 16 өрт шыққан. Оның негізгі себебі, кабель шахталарының шамадан тыс жүктеме болуынан.

ТЖД ақпаратына сәйкес, аталған өрт салдарынан 16 млн теңгедей шығын келтірілді.

Осыған орай, департамент аудандық әкімдіктер мен Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп аталған үйлердің тұрғындарынан ақша жинап, өртке қарсы жүйені қалпына келтіру жұмысын ұйымдастырды.

"Бұл оң нәтиже берді. Бүгінгі күні 30 үйдің өртке қарсы автоматикасы қалпына келтірілді", - деді Дидар Өміржан.

Бұған қоса, ол 9 қабаттан жоғары үйлер заңға сәйкес жылына бір рет тексерілетінін атап өтті. Ал одан төмендері тек тұрғындардың талап-шағымдарының негізінде ғана тексерілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу