Астанада 160 мыңға жуық кәсіпкер жаңа салық режимін таңдады

115

Департаменттің мәліметінше, бүгінгі таңда 159 869 салық төлеуші салық режимін өзгерту туралы хабарлама тапсырған.

Астанада 160 мыңға жуық кәсіпкер жаңа салық режимін таңдады Фото: canva.com

Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 25 ақпандағы жағдай бойынша арнаулы салық режимдеріне көшу қорытындыларын жариялау барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 наурызға дейін салық төлеушілер өздеріне қолайлы салық салу режимін таңдауы қажет. Хабарлама берілмеген жағдайда кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Сонымен қатар, елордадағы 29 131 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінде тіркелген.

Ведомство еске салады: егер салық төлеуші белгіленген мерзімде хабарлама тапсырмаса, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне көшіріледі.

Департамент кәсіпкерлерді салық режимін таңдауды кейінге қалдырмай, рәсімді 1 наурызға дейін аяқтауға шақырады.

Толығырақ ақпарат 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу