Астананың Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство мәліметінше, үй заттары мен жиһаз жанған. ТЖМ қызметкерлері құтқару маскаларын қолдану арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
– Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз, лифтіні пайдаланбаңыз және құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз, – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу