Астанада 18 жасар жігіт өзін-өзі өртеп жіберді

861

 Астанада 18 жасар жігіт өзін-өзі өртеп жіберді

Кеше кешке Астанада 18 жасар павлодарлық жігіт өзін-өзі өртеп жіберді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"19 желтоқсанда сағат 17:00 кезінде полицияға "Думан" ойын-сауық орталығы маңындағы саябақта белгісіз біреу өзіне бензин құйып, суицид жасағысы келгендігі туралы хабар түсті. Аталған азамат ешқандай талаптар қоймаған.  Оқиға орнына шұғыл түрде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілді. Оның өртенген киімі бірден өшірілген", - дейді ол.

Полицияның анықтауы бойынша аталған жас жігіт Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол Астанаға 16 желтоқсан күні қонаққа келген екен.

"Бұл оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. Оның қолы мен мойнын күйік шалғандықтан, медициналық мекемеге алып кетті", - деді С. Қылышбекова. Белгілі болғандай, аталған жігіт оқиға орнынан №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу