Астанада 18 жастағы жігіт шатырға шығып, құтқарылды

96

Алдын ала мәліметке сәйкес, бозбала шамамен екі сағат бойы ғимарат төбесінде жүрген.   

Астанада 18 жастағы жігіт шатырға шығып, құтқарылды Фото: Марк Брюшко

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің шатырында жүрген 18 жастағы жігіттің әрекеті тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бейресми деректерде оның жеке қарым-қатынастағы жанжалдан кейін осындай қадамға барғаны айтылып отыр.

Полицияның хабарлауынша, 20 сәуір күні тәртіп сақшыларына көпқабатты үйдің шатырында ер адамның жүргені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жетіп, психологтар тартылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақ қоршауға алынып, жерге арнайы үрлемелі жастық төселген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт аман-есен шатырдан түсірілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу