Биыл елордада жазғы демалыстың барлық түрімен 185 мың оқушы қамтылған, бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 98% құрайды. Онлайн-брифингте балалар лагерлерінің жұмысын ұйымдастыру туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаланың 85 мектебінде бастауыш сынып балаларына арналған 155 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Онда 134 494 оқушы қамтылды.
Оқушылар сарайындағы екі лагерьде 462 бала демалды, оның ішінде 120 бала – "Ақниет" ҚҚ есебінен тегін.
"Арман" және "Боровичок" лагерьлерінде үш маусымда 1 135 бала демалды, оның ішінде жалпы білім беру қорының есебінен – 500 бала тегін.
"Жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің берілген квоталарына сәйкес "Балдәурен-Щучинск", "Балдәурен-Қапшағай, "Балдәурен-Балқаш" (5-9 сыныптар), "Бөбек" (1-4 сынып) республикалық сауықтыру лагерлерінде балалар денсаулығын нығайтады", – деді спикер.
Сондай ақ жазғы демалыс кезінде елордада 4 бағыт бойынша 175 200 оқушы жұмыспен қамтылды:
- еңбек:"Жасыл ел" көгалдандыру бригадасы (4 200), экологиялық лагерьлер, көгалдандыру және абаттандыру бригадалары (3 900 баланы қамту);
- шығармашылық: әртүрлі мекемелерде 8 клуб және 208 қызығушылық үйірмесі, 45 аула клубы (130 908 баланы қамту);
- спорттық-туристік: жорықтарға, туристік таныстыру сапарларына, экспедицияларға (архиологиялық, экологиялық, өлкетану), "Дидарлы жаз", "Айбынды маусым" лагерінің жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдары мен залдарына қатысу (1 389 баланы қамту) тегін.
- зияткерлік: "Жас ұлан", "Жас қыран" мүшелерінің көшбасшылары активінің жазғы мектептері жазғы тілдік мектептер, пікірсайыс лагерлері (39 479 баланы қамту) тегін.