Астанада 19 наурызда қоғамдық көлікте қатынау тегін

561

Қоғамдық көліктер жұмыс кестесіне сай таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қатынайды.  

Астанада 19 наурызда қоғамдық көлікте қатынау тегін Фото: gov.kz

19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау күні елордада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады. Бұл туралы inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық көліктер жұмыс кестесіне сай таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

"2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін тегін жол жүру тәсілі енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде оқушылар 48 миллион сапар жасады. Сол сияқты азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүруді пайдаланады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғын елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу