Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасы 1950-1999 жылы салынған техникалық тексеруді талап ететін үйлердің тізімін жасады, деп жазады egemen.kz.
Бұл санатқа кірген нысандар саны 1 416 (жалпы ауданы 3 млн 120 мың шаршы метр). Бұл туралы елордалық тұрғын үй инспекциясы жетекшісі Әлихан Қуатбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 537 үйге тексеру жүргізіліп, олардың 372-сі апатты жағдайда деп танылды. Алғашқы 228 нысан жыл соңына дейін сүріледі. Қалған 144 үй 2017-2020 жылдар аралығында сүрілмек.
Айта кету керек, елордалық билік аталған шараны атқаруда қаржыландырудың жетіспеуінен кейінге шегеріп келеді. Сонымен қатар, әкімдіктің апатты деп шешкен үйлерін сүруге тұрғындар да келіспеушіліктерін білдіруде.
Алдағы уақытта елордада аудан әкімдіктерінің есеп беру кездесулері өткізіліп, мәселе талқыға салынады. Апатты үйлердің тізімін мына сілтемеден көруге болады.