Олар жұмысты тәулік бойы бірнеше ауысымда жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
21 ақпан күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,3 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.
20 ақпаннан 21-іне қараған түні қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына барлығы 361 мың рейс арқылы 4,9 млн текше метр қар шығарылды.
Сондай-ақ, қозғалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу