Астанада 2 күнде 28 адамды үсік шалған

723

Астанада 2 күнде 28 адамды үсік шалған

 

Соңғы 2 күндегі сарышұнақ аязда Астананың 28 тұрғынын үсік шалған. Олардың 3-і бала. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше суықта қалған 28 адамның 25-де 1-ші және 2-ші деңгейлі үсік, қалғанында 2-ші, 3-ші деңгейлі жарақаттар бар. Зардап шеккендердің бәріне медициналық көмек көрсетілген. Осы орайда Астана қаласының әкімдігі шаһардағы түрлі мекеме басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынуда.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: 

"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Астана әкімдігі өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік және құрылыс нысандарының басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынады"

Сондай-ақ, аязды күндер аяқталғанша елордадағы халықаралық әуежай мен теміржол вокзалындағы көлік тұрағы тегін болмақ. Аталған орындардағы тосқауыл – шлагбаумдар уақытша өшіріріп ашық режимде тұрады. Оған себеп, егер сынап бағанасы -40-қа жетсе шлагбаумдар біржолата істен шығып қалуы мүмкін дейді мамандар. Атап өту керек, әуежайдағы жабық автотұрақ бастапқы ақылы тариф бойынша жұмысын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу