Астанада 20-дан астам елдің дін өкілдері бас қосады

497

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

Астанада 20-дан астам елдің дін өкілдері бас қосады Фото: astana.citypass.kz

Аталған шара Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 11 қазанда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысы өтеді.

"Съезд  жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм, бахаи, сондай-ақ әлемнің 20-дан астам елінен келген халықаралық және діни ұйымдар өкілдерінің әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары қатысады деп күтілуде", – деді Айбек Смадияров министрліктегі брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу