"Қоғамдық көлік өзінің әдеттегі кестесіне сәйкес сағат 6:00 ден 23:00 ге дейін жүреді. Ал, 21 қарашадан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді", делінген әкімшіліктің Telegram-арнасындағы ақпаратта.
2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру ережесі енгізілді. Сондай-ақ азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүру ережесін пайдаланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу