Астанада 20 мыңнан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

262

Ережені бұзған жаяу жүргіншілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Астанада 20 мыңнан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған Фото: kaz.zakon.kz

Астанада жыл басынан бері жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 20 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жұмыс "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Полиция адам көп жүретін жаяу жүргіншілер өткелдерінде тұрақты рейдтер ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар елордадағы 19 жаяу жүргіншілер өткелінде көлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактілерін автоматты түрде тіркейтін камералар іске қосылған. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды жолды тек белгіленген орындардан және бағдаршамның рұқсат беретін сигналы кезінде кесіп өтуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу