Астанада түнгі уақытта Chevrolet көлігімен дрифт жасаған 20 және 22 жастағы екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық түнгі сағат 00:30 шамасында Қалдаяқов көшесінде тіркелген. Тәртіп сақшылары жедел тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар екі жүргізушінің жеке басын анықтады.
Сот шешімімен олардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция қала көшелерінде дрифт жасау мен қауіпті маневрлер орындау жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу