Астанада 20 жастағы қызға TikTok-тағы әдепсіз сөзі үшін айыппұл салынды

288

Тікелей эфирде дөрекі сөздер айтқан.

Астанада 20 жастағы қызға TikTok-тағы әдепсіз сөзі үшін айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Астанада TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтқан 20 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қыздың тікелей эфирде дөрекі сөздер қолданып, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзғанын анықтаған.

Құқық бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен елорда тұрғыны кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды.

Полиция әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен тікелей эфирлерде де заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу