Астанада 20 жүк көлігін заңсыз әкелген 3 адам сотталды

248

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Астанада 20 жүк көлігін заңсыз әкелген 3 адам сотталды Фото: kursiv.media

Астанада Қытайдан 20 FAW жүк көлігін заңсыз әкелу схемасына қатысқан үш адамға қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Техника кедендік рәсімдеу кезінде "Евро-5" экологиялық класына сай деп көрсетілгенімен, іс жүзінде "Евро-2" талаптарына сәйкес болған.

2023 жылдың ақпан-мамыр айларында "Нұр Жолы" және "Бақты" кеден бекеттері арқылы Қазақстанға 20 жүк көлігі заңсыз кіргізілген. Олардың кедендік құны 285 млн теңгені құраған.

Кейін көліктер коммерциялық құрылымдар арқылы өткізіліп, мемлекеттік сатып алу аясында "ҚАЖсервис" ЖШС-не жалпы сомасы 605 млн теңгеге жеткізілген.

Сот үш адамды алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандаға кінәлі деп таныды. Сондай-ақ олардан мемлекет кірісіне контрабанда затының құны 285 млн теңге ортақтасып өндірілетін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу