Астанада 20 жыл іздеуде жүрген адам үйдің шатырынан табылды

215

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Астанада 20 жыл іздеуде жүрген адам үйдің шатырынан табылды Фото: Polisia.kz

Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты құрықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу