Астанада 200-ден аса жетім бала баспана кезегінсіз қалған

166

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады. 

Астанада 200-ден аса жетім бала баспана кезегінсіз қалған Фото: freepik

Елордада уәкілетті органдар 14 жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Уәкілетті орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан”, – делінген хабарламада.

Ведомство қадағалау шаралары арқылы 200-ден астам жетім баланы тұрғын үй алуға кезекке қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу