Астанада 200-ге жуық қонақүй жұмыс істейді

1015

 Астанада 200-ге жуық қонақүй жұмыс істейді

"Астана Конвеншн Бюро" ЖШС Санкт-Петербургтің көрме бюросымен бірлесе отырып, "Шаралар энергетикасы. Оқиғалы шаралардың туристік әлеуеті: ең үздік тәжірибелер" атты дөңгелек үстелін ұйымдастырды, деп хабарлады әкімдіктің медиа орталығы.

Оқиғалық туризм шарасының экономикалық маңызы зор. Оларды өткізу кезінде барлық туристік индустрия нысандарының қызметі жандандырылады.

Дөңгелек үстелдің спикерлерімен қатысушылары арасында туристік саланың көшбасшы ұйымдары, атап айтқанда көрменің ұйымдастырушысы болып табылатын "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы, қаланың басты көрме алаңы – Тәуелсіздік сарайы, петербургтік R&C ғылыми-зерттеу көрме орталығы, Санкт-Петербургтегі "Экспофорум" көрме орталығы, қазақстандық туристік ассоциация өкілдері және басқа сала өкілдері қатысты. "Астана Конвеншн Бюро" және Санкт-Петербургтің басшылары - Санияр Айтекенов және Ольга Мугатинашараның модераторлары болды.

"Көрменің бітуіне аз ғана уақыт қалды. Осы 2 ай уақыт аралығында біз үлкен тәжірибе жинадық. Өз пікірімізбен бөліскіміз келеді. Бұл қаланың дамуы үшін зор маңызға ие. Біздің қолымызда қуантарлық сандық көрсеткіш бар. Көрменің ашылуы қарсаңында жаңадан теміржол салынды, әуежай терминалы бой көтерді, шамамен 11 көше салынып, пайдалануға берілді. Қазір Астанада 200-ге жуық қонақүй жұмыс істейді, олардың 11-і бес жұлдызды", - деді "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС директоры Санияр Айткенов.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар дайындық барысын, шараларды өткізу, оларды насихаттау, өткізіліп отырған шаралардың қаланың экономикасына әсері, тиімділігі сынды бірқатар мәселелер бойынша тәжірибе алмасты.

Оған қоса мамандар туризмнің дамуының негізгі тетіктерін айқындады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу