Астанада 2020 жылға қарай шағын қазандықтар газға көшіріледі

882

Бұл Астананы газдандырудың бірінші кезеңі аясында жүзеге асырылмақ. 

Астанада 2020 жылға қарай шағын қазандықтар газға көшіріледі

Бақыт Сұлтанов Астананы газдандырудың бірінші кезеңі аясында 2020 жылға қарай жылу электр стансасының су ысыту қазандығы, сонымен қатар шағын жекеменшік қазандықтар мен тұрғын үй алаптары газға көшірілетінін айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Қала әкімі елорданы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында жаңбыр суының көшелерде жиналып қалу проблемасы шешілетінін де тілге тиек етті.

"2019 жылы жер бетіндегі жаңбыр суын кедергісіз бұруды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. 5 жылда су жинақталатын жалпы алаң 13 мыңнан 23 мың гектарға дейін ұлғайды. Бұл  2030 жылға дейін игерілуге тиіс алаңның 66,2%-ы", – деді Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу