Астанада 2029 жылға дейін 206 апатты тұрғын үйден 4 710 тұрғын көшіріледі

Биыл елордада жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша 5200 пәтер беріледі. 

Астанада 2029 жылға дейін 206 апатты тұрғын үйден 4 710 тұрғын көшіріледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде елорда қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша біз азаматтардың әртүрлі санаттары үшін 5200 пәтер беру туралы міндет қойдық. Оның ішінде жетім балалар, көп балалы аналар, әлеуметтік осал азаматтар, сонымен қатар жұмыс істейтін жастар бар. Қазір құжаттарды рәсімдеу бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Келесі жылдың басында кезекте тұрғандар осы үйлерді алады", – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар қалада реновация бағдарламасы бекітілген. Ол апатты үйлерді сүріп, жаңа үйлер салуды көздейді. 2029 жылға дейін 206 апатты тұрғын үйден 4 710 тұрғын үй иесін көшіру жоспарланған. 

"Биыл 400-дей пәтер азаматтарға берілді. Келер жылы тағы 700 пәтер бөлінбек. Алдағы жылдары бір мың тұрғын үй табысталатын болады. 

Жыл басында шаһар жұртшылығы наразылық білдіріп, жедел шешімді талап еткен 20-дан астам объект болды. Қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылды. Барлық шешім қала белсенділерінің қатысуымен қабылданды. Қалған нысандар бойынша сот шешімі күтілуде", – деді шаһар басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу