Астанада 22 жасар қызды автобус қағып өлтірді

1177

Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған.

Астанада 22 жасар қызды автобус қағып өлтірді Фото: azattyq-ruhy.kz

Астанада автобус 22 жасар қызды қағып кетті. Қайғылы оқиға 26 қазан күні сағат 22:00-де Шыңғыс Айтматов пен Жұбан Молдағалиев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның туыстары қайғылы жағдай туралы түнде ғана білген. Автобус тізгінінде 68 жастағы жүргізуші болған. Қайтыс болған Лолита Канның туыстары болған жайтқа тек жүргізуші кінәлі деп есептемейді. Айтуларынша, жақын маңда тұрғын үй кешені салынып жатыр, бұл аумақты айналып өту мүмкін емес, салдарынан жаяу жүргіншілер жолға шығуға мәжбүр.

"Балдызым жолақтан өтпеді деп жатыр. Бірақ онда басқа өтетін жол болған жоқ. Ол жолдың үстімен өтуге мәжбүр болды. Жол маңында үйлер салып жатқан құрылыс компаниясы ешқандай жағдай жасамаған. Жаяу жүргіншілер өтетін тротуар жоқ", – деді марқұмның туысы Аббас Аппазов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу