Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте елордадағы лифт шарушылығы жағдайы талқыланып, мәселеге қатысты қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев баяндама жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда елордада 69 арнайы ұйым қызмет көрсететін 6 653 лифт тіркелген. Олардың ішінде: тұрғын үйлерде - 4 910 лифт, әкімшілік ғимараттарда - 1 743.
Лифтте жүрудің орташа бағасы: карточкалық жүйеде бір жолғыға - 9 теңге, ал БТЖ арқылы – айына - 1 200 теңге.
2017 жылы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 96 лифт, соның ішінде қызмет мерзімі біткен (25 жылдан астам) 63, апаттық 23 және "Өркен Қала" ЖШС қайтарымды қаражаты есебінен 10 лифт алмастырылды.
Құлышевтың айтуынша, бүгінгі таңда аталған салада тәртіп орнату мен қатар "Атамекен" КҰП-пен бірлесе отырып лифт шаруашылығын пайдалану саласында, соның ішінде лифт компаниялары мен ПИК-тердің жауапкершілігін арттыруға қатысты нормативтік ережелерді реттеу қажет.
"ПИК тарапынан бақылаудың жоқтығы мен лифт компанияларының тиісті жұмыстарды атқармауы салдарынан лифтілердің апаттық тоқтау оқиғалары жиілеп кетті", - деді ол.
Оның келтірген мәліметтеріне сәйкес, 2017-2018 жылдары жұмыс істемейтін лифттер бойынша 547 өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта 9 үйде жұмыс істемейтін 12 лифт бар. Сондай-ақ, осы кезеңде, "Эдем Палас 1, 2", "Айя", "Успех" тұрғын үй кешендерінде лифттердің апатты тоқтауы, көтеру құрылғысының үзілуі салдарынан соңғы факт Тәуелсіздік даңғылы, 38/2 мекен-жайы бойынша тіркелген.
Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы 117 нысанда 727 лифт қондырғыларын пайдаланып отырған 64 ПИК қызметі тексерілді. Мониторинг нәтижесінде 239 көтеру механизмінде кемшіліктер анықталып, 30 басқару органдарының басшыларына ұйғарым тапсырылды.