Елордада 25 сәуірден бастап "Astana Bike" автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.
Велосипедтер мен велостансаларды қосу қала бойынша кезең кезеңімен жүреді:
25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса,
26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанстанса;
27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса;
28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса;
29 сәуірде: + 14 велостанса.
"Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланып отыр", делінген әкімдік хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу