Астанада 26-27 қазан күндері ауыл шаруашылығының соңғы қорытынды жәрмеңкесі өтеді

157

Жәрмеңкеде 800 тоннаға жуық экологиялық таза өнім ұсынылатын болады.

Астанада 26-27 қазан күндері ауыл шаруашылығының соңғы қорытынды жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Қорытынды жәрмеңкеде Ақмола, Қостанай және Ұлытау облыстарының диқандары өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы 300 тоннадан астам жаңа өнімдер, оның ішінде ет, сүт, көкөніс және жарма өнімдерін алып келеді. Олардың арасында "Гормолзавод", "Родина", "Макинск құс фабрикасы", "Бижан", "Қазгер құс" сияқты ірі жергілікті өндірушілердің өнімдері де бар.

Қостанай облысы 402 тонна өнім ұсынбақ, оның ішінде 52 тонна ет, 95 тонна көкөніс және 40 тонна ұн бар. Сондай-ақ, республикаға және одан тыс жерлерге танымал кәсіпорындардан сүт және кондитерлік өнімдер жеткізілетін болады. Бұл кәсіпорындар арасында "Милх", "ДЕП", "Баян сұлу", "Бекиров" бар.

Ұлытау облысы 70 тонна көлемінде ет, көкөніс және сүт өнімдерін ұсыну жоспарланып отыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алу мүмкіндігінен бөлек, өңірлердің өнерпаздары қатысатын концерттік бағдарламаны да тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы жерде өтеді. Қонақтар үшін №18, 37, 303 және 323 автобустар арнайы қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу