Астанада 28 сауда орны жауапкершілікке тартылды

480

Олар сауда үстемесін асырған.

Астанада 28 сауда орны жауапкершілікке тартылды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тамыз айында "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағын бұзғаны үшін (сауда үстемесінің 15% - дан асуы) ескерту түрінде 28 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабының 1-бөлігіне сәйкес "ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерінен асып кетуі "ескерту" түрінде болады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет шағын кәсіпкерлік субъектісіне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектісіне 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісіне 300 АЕК мөлшерінде "айыппұл" түріне әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу