Астанада 3,5 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелді

1000

 Астанада 3,5 мыңнан астам алаяқтық фактісі тіркелді

Қазақстандықтар күдікті келісімдерден бас тарту арқылы алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылы құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3,5 мыңнан астам алаяқтық фактісін тіркеді. Олардың 750-ге жуығы – онлайн-алаяқтық. Сондай-ақ, 29 қаскүнем ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың есебінде осы сынды 222 факті тіркелген.

"Азаматтардың сенімін қолдана отырып, алаяқтар тұтынушылық несиелерді рәсімдеуге, мемлекеттік бағдарламалар бойынша көмек көрсетуге, арзан бағамен баспана сатып алуға, сондай-ақ қаржылық пирамидаларға қатысуға үгіттеуі мүмкін. Жалған онлайн сатылымдарға қатысты алаяқтық оқиғалары көш бастап тұр", – деп хабарлады халық алдында есеп берген Астана қаласы полиция департаментінің басшысы Марат Қожаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу