Астанада 3 мың жұмыс орны бар инвестициялық жоба іске қосылған жоқ

Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлайды. 

Астанада 3 мың жұмыс орны бар инвестициялық жоба іске қосылған жоқ Фото: Астана қалалық прокуратурасы

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен айналысады. Осы мақсатта, елордалық "Rainbow Logistics 2" ЖШС-нің жүгінген фронт-офисі жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл кәсіпорын Астана қаласында инвестиция көлемі 11 млрд теңге және 3000 жұмыс орнын құрумен азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың әмбебап қоймасы жобасын жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда, инвестицияның барлық көлемі игерілді. Алайда, нысан пайдалануға берілген кезде инвестор жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органдардың қағазбастылығына тап болған.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары аясында елордалық прокуратура проблемалық мәселені шешу шараларын әзірледі.

Сонымен қатар, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ нысанның техникалық төлқұжатын тіркеді. Бұл инвесторға логистикалық орталықты толыққанды пайдалануға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу