Астанада 3 мыңнан аса жер үйге тексеру жүргізілді

303

Астанада жыл сайын ауа райы салқындаған уақытта және жылыту маусымының басталуымен өрттің, қаза болу мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында тұрғын үй секторын аралау бойынша бейінді іс-шаралар жүргізіледі.

Астанада 3 мыңнан аса жер үйге тексеру жүргізілді Фото: Астана әкімдігі

Осыған орай, Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен, "Байқоңыр" ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен, Ювеналды полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы жер үйлерді аралау жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Аралау кезінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер тұратын үйлерде өрт қауіпсіздігі үшін дабыл құрылғылары орнатылуда.

Дабыл құрылғылары (датчик) дыбыстық және жарық сигналдарын бере отырып, тұрмыстық үй-жайларда көміртегі тотығының дабыл және авариялық концентрациясының белгіленген шегінен асып кетуді үздіксіз бақылауға арналған.

Іс-шара барысында Байқоңыр ауданы бойынша барлығы 4200-ге жуық тұрғын үй секторын қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 3000-нан аса тұрғын үй секторында аралау жұмысы жүргізіліп, 51 жеке секторда аталған датчиктер орнатылды, арнайы анықтама қағаздары да таратылуда.

Бұдан басқа, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қажетті үйлерде түтін мұржаларын тазарту жұмысы жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу