Астанада 8-9 шілдеде "Қазақстан" спорт сарайының көлік тұрағы аумағында жәрмеңкелер маусымын Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Жалпы 2 500 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: көкөніс және картоп – 300 т, ет және ет өнімдері – 100 т, бал -20 т, сүт өнімдері – 51 т, балық – 143 т және т.б.
Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады. Жәрмеңке қатарынан 2 күн (сенбі-жексенбі) сағат 09.00.-ден 18.00.-ге дейін өткізіледі.
Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу