Журналистер спикерден "Астанадағы №27 мектептің 3-сынып оқушысы дәріден уланған. Медбике оған бірден 8 дәрі берген. Денсаулық сақтау министрлігі осы жайттан хабардар ма? Қандай да бір тексеріс жүргізіліп жатыр ма?" деп сұрады.
"Бұл жағдай бойынша аумақтық комитет қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысын хабарлаймыз. Қазір алдын ала ақпарат бере алмаймын, себебі қызметтік тексеріс әлі аяқталмады", – деп қысқа қайырды вице-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу