Астанада 3 жасар бала терезеден құлап мерт болды

159

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Астанада 3 жасар бала терезеден құлап мерт болды Фото: freepik

Оқыс оқиға кеше елордадағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"26 тамызда елордада көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден үш жастағы бала құлап, алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Белгілі болғандай, оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған, балаға оның 7 жастағы ағасы қарап отырған", – делінген хабарламада.

Осы орайда Астана қалалық полициясы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. 

"Мұндай жағдайдың басым бөлігі ересектердің жеткіліксіз назарынан, немқұрайдылығынан және қарапайым сақтық шараларын сақтамау салдарынан болып жатады. Құрметті ата-ана, бала қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Тек ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі ғана қайғылы оқиғаның алдын алады", – дейді полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу