Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

1141

"Астана Клубының" негізгі миссиясы – бүкіл әлемге, әсіресе Еуразия аймағына әсер ететін ғаламдық үрдістерді талқылау және маңызды мәселелердің шешімін табу.

Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

12-13 қараша күндері "Назарбаев орталығында" әлемнің жетекші сарапшылары, саясаткерлері мен дипломаттарын біріктіретін саяси форум форматында беделді халықаралық пікірталас алаңы - "Астана клубында"  төртінші жыл сайынғы отырысы өтеді, деп хабарлайды silteme.kz.

"Астана Клубының" негізгі миссиясы – бүкіл әлемге, әсіресе Еуразия аймағына әсер ететін ғаламдық үрдістерді талқылау және маңызды мәселелердің шешімін табу, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси хабарламаларын әлемдік сарапшы-саяси аудиторияға жеткізу.

Осы жылы "Астана клубы" жұмысына Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Египет, Италия, Қырғызстан, Пәкістан, Польша, Португалия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қытай, Норвегия, Ресей, Сербия, Словения, Хорватия, АҚШ, Швеция және Жапония сынды әлемнің 30 елінен 50-ден астам спикер қатысады.

Клубтың 4-ші отырысы шеңберінде  сарапшылардың жұмысы "Үлкен Еуразияға барар жолда: ортақ болашақты қалай құру керек?" атты басты тақырып айналасында жүргізіледі.

Сарапшылар пайда болған қарама-қарсылық және жаңа геосаяси шындықтың субъектісі болып саналатын орта мемлекеттердің күшеюі және қалыптасып келе жатқан көп бағыттылық жағдайындағы Еуразияның жаңа стратегиялық сәулетінің келешегіне ерекше назар аударатын болады.

Астана клубының бірінші кездесуі 2015 жылы 8-12 қарашада өтті, "Еуразияның геоэкономикасы"  тақырыбы талқыланды. Іс-шараға әлемнің 15 елінен (Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия және т.б.) зияткерлік және саяси элитаның 50-ге жуық жетекші өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу