Шығармашылық жоба аясында ақынның бейнесі 3000 рубик текшесімен құрастырылды.
Биіктігі – 3 метр, ені 2 метр болатын портретті спидкубер жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты.
Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, Рубик текшесі логика мен шығармашылықты біріктіретін өнер туындысына айналды.
"Осы арқылы ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізуді мақсат еттік", – деді ол.
"Абай әлемі" атты мәдени бағдарлама 2 күн бойы көрерменді поэзиялық кештермен, шығармашылық қойылымдармен қуантты.
Мыңдаған келуші жастардың креативтілігіне жоғары баға беріп, ұлттық мұраға құрметті айқын сезінді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба – Абай мұрасын жаңаша танытуға арналған тың қадам. Мақсат – жас буынның ұлттық сана мен елдік құндылықтарды терең ұғынуына ықпал ету.