Астанада 4 мыңға жуық мопед пен самокат жүргізушісі жол ережесін бұзған

167

ПД полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері тарапынан бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған тұрақты негізде рейдтік шаралар жүргізуде. 

Астанада 4 мыңға жуық мопед пен самокат жүргізушісі жол ережесін бұзған Фото: Колеса

Жазғы кезеңнің басталуымен елорда жолдарында мопедтер мен самокаттарды басқаратын жүргізушілер көбейді. Олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзып жатады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері полицейлер 2 900-ге жуық мопед жүргізушілері мен 1 000-нан астам самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 1 000-нан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды.

Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді. Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу