Астанада 40 жастағы әйел мешітте ұрлық жасаған

183

Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Астанада 40 жастағы әйел мешітте ұрлық жасаған Фото: видеодан алынған кадр

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел кешкі уақытта сол жақ жағалаудағы мешітке келген. Шыға берісте аяқ киімдер сөресінде тұрған әйелдер кроссовкасына көзі түскен қаскүнем, қолайлы сәтті пайдаланып оны білдіртпей сөмкесіне салып алып кеткен. Әйелдің әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласы полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді", - делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу