Астанада 428 балаға 100 млн теңге алимент төленді

390

98 борышкер жауапкершілікке тартылды.

Астанада 428 балаға 100 млн теңге алимент төленді Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шараларымен 428 балаларға 100 млн теңге алимент төленді, деп хабарлайды  inbusiness.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Жыл басынан барлығы 98 борышкер жауапкершілікке тартылды.

7 қасақана төлемеушілерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды. Сондай-ақ, осы негізде превентивтік шаралар да өткізіледі.

"Қала прокуратурасының үйлестіруімен жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 

Барлығы 71 борышкер жұмыспен қамтылды, 51 адамға жұмысқа тұру туралы мәлімдеме берілді. Бұл бағытта жұмыс жалғастырылуда", делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу