Астанада 438 мыңнан аса бала тұрады

Елордалық маман сәбилерге жүргізілетін скринингтер туралы айтып берді. 

Астанада 438 мыңнан аса бала тұрады Фото: Астана ақшамы

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының отбасын жоспарлау бойынша маманы Сауле Ибраева "Бала денсаулығын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы" брифинг өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Астана қаласы бойынша халық саны 1 371 309 адам, оның ішінде балалар саны 438 819 бала бар. Олар жалпы халықтың 32% үлесін құрайды. Өткен жылы 31714 сәби дүниеге келді", – деп статистикаға тоқталды маман. 

Бұл ретте Сауле Ибраева туылғаннан кейін жасалатын скринингтер туралы айтып өтті. 

"Бала туылғаннан кейін бірден перзентханаларда фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға неонатальды скрининг, барлық туған нәрестелердің есту қабілетінің бұзылуына аудиологиялық скрининг және шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі. Аудиологиялық скрининг нәтижелері бойынша есту қабілеті нашарлаған баланы одан әрі диагностикаға сурдологиялық кабинеттерге жіберу және есту аппараттарын уақытылы алу қажет", – деді отбасын жоспарлау бойынша маман. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу